Бас прокурор Берік Асыловтың айтуынша, 2024 жылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде азаптау деректері бойынша 17 адам сотталған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бақылау күшейтіліп, сотталғандарға қатыгездік танытудың алдын алуға бағытталған жаңа шаралар енгізілген.
"Биыл мекемелерде азаптау деректерін тіркеу едәуір азайды – 24 істен 5 іске дейін, ал колониялардағы азаптау деректері бойынша 17 адам сотталды", – деді бас прокурор.
Бас прокурордың мәліметінше, қабылданған бақылау шараларының ішінде күнделікті кезекші прокурорлардың түзеу мекемелеріне баруы, сондай-ақ түнгі уақытта күтпеген тексерулер өткізу бар. Сонымен қатар, сотталғандардың құқықтарының бұзылуын анықтау үшін анонимді сауалнамалар жүргізіледі.
Қылмыстық-атқару жүйесінің 78 мекемесінде толық бейнебақылау орнатылған және прокурорлар 40 мыңнан астам бейнекамераның жазбаларын қашықтан бақылай алады.
"Электрон өтініштер терминалдарының санын екі есе арттырдық. Олар асханалар мен отрядтарда орнатылды. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде мұндай 612 терминал бар", – деп толықтырды Асылов.
Бас прокурор 2023 жылдың басынан бастап азаптаулар бойынша сотқалды тергеу тек прокурорлардың құзыретіне өткенін атап өтті.