Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен 1090 жүргізуші жауапқа тартылды

СҚО-да бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өткен 1090 жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полицейлер жыл басынан бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен 1090 жүргізушіні жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткен 1090 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Бұл жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарының бірі. Мұндай фактілер патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен ғана емес, бейнебақылау камераларының көмегімен де анықталады. Бұл үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

Тәжірибе көрсеткендей, көптеген автокөлік жүргізушілері бағдаршамның сары түсі де қозғалысқа тыйым салатынын ескермейді. Көше қиылысынан сары түске өтіп кетуге тырысатын ереже бұзушылар жолдың ортасында солға бұрылу үшін тоқтап тұрған жүргізушілердің маневрді аяқтауына мүмкіндік бермейді. Бұл апатты жағдай туғызады және жол-көлік оқиғасына алып келуі мүмкін.

– Көше қиылыстарында қауіп жоғары. Адамдардың зардап шегуіне алып келген әрбір төртінші жол-көлік оқиғасы көше қиылыстарынан өту ережелерін бұзудың нәтижесінде орын алған. Жыл басынан облыста тіркелген 433 жол апатының 102-сі осының салдарынан болған. 10 айдың ішінде СҚО жолдарында 60 мыңға жуық түрлі бұзушылықтар тіркелді. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларының талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Әлібек Ғабдуллин.




скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді