Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер анасы мен балаларын түтін басқан үйден аман алып қалды

ШҚО-да полицейлер анасы мен балаларын түтін басқан үйден аман алып қалды
Фото: Polisia.kz

ШҚО-да полицейлер анасы мен балаларын түтін басқан үйден аман алып қалды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ШҚО ПД Ұлан ауданы ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы Бақытжан Өтеулин мен жүргізуші Алтынбек Мязев бір отбасыны түтіндеген үйден құтқарып қалды.

Қасым Қайсенов кентінде полиция қызметкерлері “Учаске” іс-шарасы барысында үйлерді аралау жүргізген кезде, Байдельдинов көшесіндегі үйден көшеге жүгіріп шығып, көмек сұраған қызды кездестірген. Ол үйде жылу жүйесі апатынан бөлме түтінге толып, оның отбасының өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқан. Тәртіп сақшылары дереу үйге кіріп, балалары бар әйелді далаға алып шықты.

Бұл жағдайға бітеліп қалған құбыр және бу жіберетін қазанның дұрыс жұмыс істемеуі себеп болған.

– Біз бірден әрекет етіп, отбасын қауіпсіз жерге шығарып, түтіннің шығу жолын жойдық. Ең бастысы – қайғылы жағдайдың алдын алып, уақытында үлгердік, – деп атап өтті полиция қызметкері Бақытжан Өтеулин.

Ана ауыр зардаптардың алдын алған полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Бақытжан Өтеулин мен Алтынбек Мязевтің әрекеті полиция қызметкерлерінің адалдығы мен жауапкершілігінің үлгісі болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады