Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар тұрғыны алаяқтарға 40 миллион теңгесін аударып жіберген

Павлодар тұрғыны алаяқтарға 40 миллион теңгесін аударып жіберген
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысының тұрғыны бір ай ішінде алаяқтарға 40 миллион теңгесін аударып жіберді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің жедел уәкілі Сұлтан Қадіржанов мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Павлодар облысында ең жиі кездесетін алаяқтық схемаларының бірі – азаматтарды өз деректерін немесе түрлі мобильді қосымшалардағы жеке кабинеттеріне қолжетімділікті беру арқылы алдау. Өкінішке қарай, адамдар оңай және жылдам пайда табу уәдесіне жиі алданып қалады. Осындай әдіспен өңірдің егде жастағы тұрғыны алаяқтарға 40 миллион теңгесін жоғалтты.

– Әйел әлеуметтік желіде жарнамаланған “Kaspi Profit” атты жалған инвестициялық платформаның сілтемесіне өтті. Немерелерінің болашағын қамтамасыз етуді көздеген ол сауалнамалық мәліметтерін қалдырды. Кейін оған белгісіз тұлғалар қоңырау шалып, капиталын арттыруды ұсынып, оған аз ғана пайыз төлеу керектігін айтты. Нәтижесінде, әйел барлық жинақтарын беріп қана қоймай, қарызға ақша алып, несие рәсімдеді. Бір ай ішінде ол алаяқтарға жалпы 40 миллион теңге аударды, – деді Қадіржанов.

Бүгінде қаскүнемдердің қолды қылған қаржысының көп бөлігі шетелге жөнелтілетіні белгілі болды. Алдымен бұл ақша дропперлердің көмегімен алынған, олар өз банктік деректерін зиянкестерге саналы немесе білместен берген. Кейін бұл қаржы криптовалютаға айналдырылып, із-түзсіз жоғалады.

Тәртіп сақшылары Павлодар облысының тұрғындарын жеке деректерін ешкімге бермеуге, SMS-хабарламалар түрінде келетін тексеру кодтарын бөгде адамдарға айтпауға, белгісіз сілтемелерге өтпеуге және күмәнді қосымшаларды орнатпауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі