Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысының полицейлері қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған шетелдікті ұстады

Қарағанды облысының полицейлері қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған шетелдікті ұстады
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысының полицейлері қазақстандықтардың 15 млн теңгесін жымқырған ресейлік азаматты Алматы қаласынан ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны арызбен шағымданды. Белгілі болғандай, жәбірленушіге белгісіз біреу банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз деп алдаған. Кейін, белгісіз азамат жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажеттігін алға тартқан. Осы әңгіменің соңында жәбірленуші алаяқтарға 5,2 млн теңгеден астам қаражат жіберген.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

– Қарағанды облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шарлары барысында Алматы қаласынан 22 жастағы Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың Қазақстан азаматтарын алдауға байланысты бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Жалпы, келтірілген шығын көлемі 15 млн теңге, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда