Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады

Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар жүргізушіні анықтады
Фото: pixabay.com

Түркістан облысында полицейлер 16 млн теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында іздеуде жүрген Haval көлігінің банк есебіне өтелмеген 16 миллион теңгеден астам қарызы бар екені белгілі болды. Ақпарат бойынша бірден іске кіріскен патрульдік полиция батальонының қызметкері аталмыш көлікті тоқтатты.

Белгілі болғандай, ер адамның банкке несие бойынша қомақты қарызы бар болып шықты. Ол соңғы 9 айдан бері қарызын төлемей жүргендіктен, полицияға сот орындаушысынан қаулы келіп түскен. Көлік Ордабасы ауданындағы арнайы айыптұраққа қойылды.

Полиция облыс тұрғындарына қандай да бір төленуі тиіс берешегі болса, уақытылы өтеуге шақырады. Сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық үшін заң аясында шара көрілетінін хабарлайды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады