Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлауға қойылатын талаптар күшейтілуде

Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлерді кәсіби даярлауға қойылатын талаптар күшейтілуде
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, сараптамалық қоғамдастықпен және қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға бағытталған бірқатар жүйелі және кешенді шаралар қабылдауда.

Әлеуметтік кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар әділ қоғам құру, теңдік және әлеуметтік қорғау саласында адам құқықтарын шектеуге жол бермеу қағидаты бойынша мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан халықаралық аренада Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялай отырып және Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібіне қосылып, адам құқықтарына негізделген саясатты белсенді іске асыруда. 2023 жылғы маусымда Конвенцияға Факультативтік хаттама ратификацияланды. Осы жылдың наурыз айында БҰҰ комитетінде Конвенция ережелерінің орындалуы туралы алғашқы баяндама сәтті ұсынылды.

«Бүгінде елімізде мүгедектігі бар 732 мың адам тұрады, бұл халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды Оның ішінде 57%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар, 27%-ы зейнеткерлік жаста және 15%-ы балалар. Аурулардың нозологиялық формаларының құрылымы бойынша 18 жастан асқан адамдар арасында психикалық бұзылулар, қан айналымы жүйесінің аурулары, барлық жарақат түрі басым. Ал балалар мүгедектігі бойынша жүйке жүйесінің аурулары, туа біткен ақаулар және психикалық бұзылулар көбірек кездеседі», — деп мәлімеді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар базалық және міндетті деңгейде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жалпы шығыстар жыл сайын шамамен 22%-ға ұлғайтылып келеді. Быил ол 748,5 млрд теңгені құрады. 

Мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттік қолдау проактивті форматта көрсетіледі.

«Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қызметтер көрсетіліп, онда техникалық оңалту құралдары бойынша 794 өнім беруші, ымдау тілі қызметін көрсету бойынша 760 өнім беруші, 122 санаторийлік-курорттық ұйым тіркелген. Биыл олар 770,7 мың техникалық оңалту құралын іске асырды, 26,6 мың жеке көмекшінің қызметі көрсетілді, 80 мың санаторийлік-курорттық емдеу қызметі және ымдау тілі бойынша 8,6 мың қызмет ұсынылды», — деді министр.

Бүгінгі күні қолжетімділіктің интерактивті картасында 43 312 объект тіркелген. 19 421 объект немесе 45% толығымен бейімделген.

Өңірлік аспектіде 6 облыс бойынша жоспардан төмен көрсеткіштер байқалады. Олар: Алматы қаласы, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстары. 

Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәніне 2344 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 826 нұсқама берілді, жалпы сомасы 199,2 млн теңгеге 798 әкімшілік айыппұл салынды.

«Бүгінгі күні еліміздің 7 өңірінде аутистік спектр бұзылысы және басқа да ментальды ауытқулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталықтары ашылды. 9 оңалту орталығының 3-і Семей, Талдықорған және Кентау пайдалануға берілді. Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында және Шымкент қаласында құрылыс жүргізілуде», — деп атап өтті спикер.

Оңалту шараларының тиімділігін арттыру және бақылауды күшейту мақсатында Цифрлық оңалту күнделігі іске қосылды. Нозология түрлері бойынша әлеуметтік оңалту хаттамалары әзірленді.

Биылғы тамыз айынан бастап 4 өңірде «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, жүйке жүйесі және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды инновациялық оңалту құралдарын қолдана отырып, үй жағдайында оңалтуға арналған пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Жалпы, республика бойынша осы жылдың 9 айында жүргізілген оңалту шараларының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайының жақсаруына байланысты толық оңалтудан өткендердің саны шамамен 9 мың адамды құрады. 8 мыңдай адам мүгедектіктің жеңіл тобына ауыстырылды.

Бұдан басқа, кешенді талдау-болжамдау, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысты жүргізу мақсатында Әлеуметтік саланы дамытудың ұлттық ғылыми орталығын трансформациялау басталды. 1021 орталық стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Қоғам дамуындағы жаңа трендтерді ескере отырып, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейіне, олардың дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар күшейтілуде. Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілік деңгейлері бойынша білім беру модульдері әзірленді. Өңірлік деңгейде бейінді білімі жоқ әлеуметтік қызметкерлерді қысқа мерзімді оқыту үшін әлеуметтік жұмыс бойынша кафедралары бар еліміздің 14 жоғары оқу орынымен меморандумдар жасалды. Сондай-ақ skills.enbek алаңында оқыту жүргізілуде. Әлеуметтік қызметкерлер бойынша 8 деңгейді көздейтін кәсіптік стандарттар бекітілді. 

Ұлттық ғылыми орталық базасында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы кәсіби біліктілікті тану орталығы құрылды. Жүйелеу және есепке алу үшін әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі жасалды. Бүгінде 12 704 әлеуметтік қызметкердің 9 568-і оқудан өтіп, 7 537 адам сертификат алды.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап осындай қызметтерді көрсететін субъетілерді лицензиялау енгізіледі.

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті лицензиар болып анықталды. Лицензиялау процесі толығымен цифрланған. Меншік нысанына қарамастан арнаулы әлеметтік қызметтерді көрсететін барлық субъекті лицензиялауға жатады.

«Бұрын айтылғандай, 1021 ұйымда 110 мыңнан астам адам арнаулы әлеуметтік қызмет алады, оның ішінде бұл қызметтерді мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейтін 177 үкіметтік емес ұйым көрсетеді. Сондай-ақ, жаңа жылдан бастап әрбір қызмет алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қолдаудың қажетті көлемдерін анықтауға мүмкіндік беретін жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі іске қосылады», — деді С. Жақыпова.

Қазіргі уақытта лицензияға дейінгі дайындық жұмыстары жүргізілуде. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 844 мемлекеттік ұйымның 634-і цифрландырылған. Осы айдың соңына дейін қалған 210 орталық бойынша жұмыстар аяқталады. Маңызды мәселелердің бірі – ол мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту.

Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 148 мың адам немесе жұмысқа қабілетті халықтың 39%-ы жұмыспен қамтамасыз етілген. Бұл ретте өңірлердегі жұмыспен қамту деңгейі 50%-ға да жетпейді. Жұмыспен қамту салалары бойынша жетекші орындарда ғылыми қызмет, мемлекеттік басқару, білім және сауда, денсаулық сақтау саласы. Мамандығы бойынша мүгедектігі бар адамдардың 21%-ы кәсіби маман, 19%-ы – біліктілігі жоқ жұмысшы, 13%-ы – техник-мамандар, 11%-дан басшылар мен мемлекеттік қызметшілер; қызмет көрсету, сату саласында жұмыс істейтін қызметкерлер.

«Мүгедектік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшілер институтына ерекше тоқталып өткім келеді. Бүгінгі күні олардың рөлі артуда. Министрлер мен барлық деңгейдегі әкімдердің кеңесшілері мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саясатын өмірдің барлық аспектілерінде жүзеге асыруға тартылғанын атап өту қажет», — деді министр.

Алматыда инклюзия мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшінің рөлі айтарлықтай күшейтілген, ол тәуелсіз құрылым ретінде жұмыс істейді, офисі және штат саны бар. Бұл қаладағы түрлі салаларға инклюзия қағидаттарын кешенді енгізуді қамтамасыз етеді. 

Алматы қаласы әкімнің кеңесшісі Қасиет Омарова өзекті мәселелерді көтере отырып, оларды мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен тығыз байланыста шешу жолдарын қарастырады. 

«Кеңесші офисі Алматы қаласын дамыту бойынша жол картасындағы 370 іс-шараға 219 ұсыным енгізген, бұл қалалық жоспарлауда инклюзивті тәсілдерді енгізу жолындағы маңызды қадам болды. Басқа өңірлер әкімдерінің назарын осы оң тәжірибені енгізу қажеттілігіне аударғым келеді. Министрлік Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы қамтамасыз ету және орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды», — деп түйіндеді Светлана Жақыпова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді