Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полиция пәтер ұрыларын қылмыс орнында ұстады

Алматыда полиция пәтер ұрыларын қылмыс орнында ұстады
Фото: Polisia.kz

Алматы полицейлері пәтер ұрыларын әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, олар негізінен шаһардың тұрғын алабында ұрлық жасап жүрген. Жедел уәкілдер арнайы іс-шараны арнайы жасақ полицейлерінің көмегімен жүргізді.

– Қаскөйлер қылмыс орнында ұсталды. Олар ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын 6-шағын аудандағы пәтерлердің біріне терезені арқылы кіріп, одан алтын бұйым мен қожайындардың жиған-тергенін ұрлап кеткен. Екі күдікті де бұрын бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотты болған. Олардың бірі – Ақмола облысының тұрғыны, екіншісі – солтүстік жақтан келген адам. Біздің жедел деректерге сәйкес, бұл “дуэттің” кем дегенде осыған ұқсас 9 эпизодқа қатысы бар. Олар негізінен қаланың Әуезов, Медеу және Бостандық аудандарында ұрлықпен айналысты. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты заттар тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады