Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда көліктен ұрлық жасағандар қамауға алынды

Алматыда көліктен ұрлық жасағандар қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Алматыда көліктен ұрлық жасағаны үшін бұрын сотталған екі азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Медеу ауданының тұрғыны ұрлық дерегі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер оның FAW автокөлігінің салонына заңсыз кіріп, 700 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткен. Күдіктілердің бірі көлік иесінің назарын аударып тұрса, екіншісі қылмыс жасаған.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында қаскөйлердің ізіне түсіп, оларды ұстадық. Олар 47 жастағы С.есімді азамат пен 41 жастағы Б.есімді азамат болып шықты. Екеуі де Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары. Олардың бұған дейін сотты болғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктілер ұрлық жасағанын мойындап отыр. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөліне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, – деді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің басшысы Әбдінұр Тасыбаев.


ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді