Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда вакцина алған екі тұрғын iPhone12 ұтып алды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинацияланғандар арасында iPhone12 телефонының екі данасының, сол сияқты түрлі демеушілердің сыйлықтарының ұтыс ойынын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кеше, яғни 9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшаларында (Facebook, YouTube) сағат 20:00-де вакцинацияланған азаматтар арасында екі iPhone12 ойнатылды. Бірінші ұтыс ойынына вакцинация басталған сәттен бастап 6 шілдеге дейін екпе алғандар қатысты. Оның барысында 259 мың 115 адам вакцина алды.

Ұтыс иегерлерін анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер қызметі орнатылып, ол жеңімпаздарды ID арқылы таңдады. Бұл сервис Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерімен біріктірілген.

Сонымен осы аптада екі iPhone12 телефонының иегерлері:

Жадауова Жанар Абилдаевна (ID нөмірі: 79642); 

Сорокина Тамара Ивановнаға (ID нөмірі: 203369).

Елорда әкімдігі жаздың соңына дейін апта сайын iPhone12 телефонының екі данасын ұтысқа қояды. Осылайша жалпы саны 20 iPhone смартфоны ұтысқа қойылады. 

Қала әкімдігі ұйымдастырған ұтыс ойыны осымен біткен жоқ. Түрлі демеушілердің сыйлықтары да ұтысқа қойылды. Нақтырақ тоқталар болсақ: 

«Technodom» сауда үйі ұсынған екі планшетінің жеңімпаздары:

Ажикенова Мадина Берикболовна (ID нөмірі: 7888);

Жакупов Бауыржан Замашевич (ID нөмірі: 254191).

«Mechta» сауда үйі ұсынған екі видеотіркеуіштің иегері:

Котлярова Мария Григорьевна (ID нөмірі: 15036);

Умерсеитов Нил Жамшитович (ID нөмірі: 87529).

«Белый ветер» сауда үйі ұсынған көпфункциялы құрылғының бес данасын жеңіп алғандар:

Мухамеджанова Батизя Жиреновна (ID нөмірі: 242853);

Саукелеева Нұрсұлу Кәрімжанқызы (ID нөмірі: 30320);

Хабибуллина Евгения Камильевна (ID нөмірі: 224276);

Устюгов Анатолий Геннадьевич (ID нөмірі: 56683);

Умурзаков Даулет Жанболатович (ID нөмірі: 25485).

Айта кетейік, елордада азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары ұйымдастырылуда. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ұтысқа екі бөлмелі пәтердің қойылғанын хабарлаған. Оған осы жылдың 25 маусымы мен 31 тамызы аралығында вакцинаның бірінші компонентін қабылдаған 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Аталған ұтыс ойынына барлық сауда үйлері мен медициналық мекемелерде вакцина алғандар қатысады. Бұл ұтыс ойыны демеушілердің көмегімен жүргізіледі.

Сол сияқты MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығындағы вакцинация пунктінде бірінші компонентпен вакцинацияланғандар арасында автокөліктің ұтысы өтетінін жариялаған болатын. 

Елордада өткізіліп жатқан ұтыс ойындары тұрғындардың вакцинациялауға деген белсенділігін арттыру үшін жасалып жатқан шара. Ал ең маңыздысы — ұжымдық иммунитетті дамытып, карантинге дейінгі қалыпты режимге оралу. Ұжымдық иммунитеттің үлесі 60%-дан асуы тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты