Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полиция 3 күн ішінде көші-қон заңнамасының 147 бұзушылығын анықтады

СҚО-да полиция 3 күн ішінде көші-қон заңнамасының 147 бұзушылығын анықтады
Фото: Polisia.kz

СҚО-да полиция 3 күн ішінде көші-қон заңнамасының 147 бұзушылығын анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тәжікстаннан келген жеті әйел Петропавлдағы ҚТҚ полигонында заңсыз жұмыс істеп келген. Олардың ешқайсысы ҚР-ға келгендегі мақсаты – жұмыс істеу екендігін көрсетпеген. Бұл фактіні полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері анықтады.

14 қазаннан бастап СҚО аумағында “Заңсыз келуші” республикалық жедел алдын алу іс-шарасының екінші кезеңі өткізіліп жатыр. Полицейлердің тексеруінде — құрылыс нысандары мен базарлар, киім-кешек пен азық-түлік сататын орындар, теміржол және автовокзал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және басқа да нысандар.

Жұмыс учаскелік полиция инспекторларымен, жедел қызметкерлермен, патрульдік полиция батальонының, қабылдап-таратқыш және әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Осы рейд аясында шетелдіктердің ҚР көші-қон заңнамасын бұзудың тағы 9 фактісі анықталды.

Олардың қатарында коммерциялық нысан құрылысында Өзбекстанның екі азаматын заңсыз жұмысқа орналастыру және ҚР-да рұқсат құжаттарынсыз және уақытша тұруға рұқсатсыз жеміс сатқан Әзірбайжан азаматы бар.

– Шетелдіктерден елімізде болу ережелерін сақтауды сұраймыз. Облыста ЖПІШ алғашқы 3 күнінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын 147 бұзушылығы анықталды, 12 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Нұсұрбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады