Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Екібастұз полицейлері көлік ұрлаған күдіктіні құрықтады

Екібастұз полицейлері көлік ұрлаған күдіктіні құрықтады
Фото: Polisia.kz

Екібастұз полицейлері көлік ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

11-12 қазан күндері Павлодар облысында “Көлікті айдап әкету” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында Екібастұз қаласының полицейлері Астана қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті Екібастұз қаласының шетінде орналасқан зиратта қызметкерге тиесілі Ауди-80 автокөлігін еркін қол жеткізу жолымен айдап әкеткен. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жалғасуда.

Полицейлер көлік құралын ұрлатпау үшін келесідей ұсыныстар береді:

– Ең алдымен, кезекші бөлімге 102 нөмірі арқылы дереу хабарласу қажет. Бұл полицияға “ұстап алу” жоспарын жедел іске қосуға мүмкіндік береді, өйткені көлікті алғашқы бірнеше сағат ішінде табу мүмкіндігі жоғары.

– “Ұстап алу” жоспары аясында көліктің деректері тек патрульдік полиция бекеттеріне ғана емес, барлық полиция бөлімшелеріне хабарланады. Көлік иесі өз құқығын растайтын құжаттарды көрсетуі тиіс.

– Көлікті табуға көмектесетін ерекшеліктерді нақты сипаттау маңызды: тіркеу нөмірі, сыртқы сипаты, бактағы бензин мөлшері, ұрлыққа қарсы құралдар, жүрген қашықтығы және салонда қалған жеке заттар секілді ерекшеліктерді көрсету қажет.

Екібастұз қалалық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов көлік ұрлығына жол бермеу үшін осы қарапайым сақтық шараларын қолдануға кеңес береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді