Жекеменшік мектептерге арналған қосымша қаражат сомасы айқындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептердегі қаражат мәселесіне қатысты түсінік берді.«Қазіргі кезде министрлік 2024-2025 оқу жылына арналған жаңа қабылдауды ескере отырып, жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қосымша қажет соманы айқындады. Бұл тұрғыда жасалған есеп-қисап Қаржы министрлігіне жолданды», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Еске салсақ, биыл қыркүйек айының басында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова жекеменшік мектептердегі мәселені көтерді. Оның айтуынша, 2024-2025 жылға жекеменшік мектептерге қосымша қаражат бөлу мәселесі Республикалық бюджеттің нақтылауы болмағандықтан, шешілмей тұр.
Мемлекет басшысы Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады Оралда денесінің көп бөлігін күйік шалған 8 жасар бала көз жұмды«Мемлекеттік білім беру тапсырысы 677 жекеменшік мектепте 251,3 мың оқушыны қамтып, 2024 жылы республикалық бюджеттен 133,9 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Алайда, 2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша бұл соманың 103,5 млрд теңгесі игерілген, қалған 30,4 млрд теңге тек 1 айға қаржыландыруға жеткілікті», - деді депутат.