Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Су тасқынынан кейінгі шаралар: Үкімет резервінен Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді

Су тасқынынан кейінгі шаралар: Үкімет резервінен Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,9 млрд теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Атырау облысындағы 8 жол учаскесін салуға және жөндеуге Үкімет резервінен қаржы бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжатта су тасқыны салдарынан зардап шеккен жолдарды қалпына келтіруге Атырау облысының бюджетіне аудару үшін Үкіметтің төтенше резервінен ҚР Көлік министрлігіне шамамен 5,9 млрд теңге бөлу қарастырылған.

Аталған қаражаттың 4,6 млрд теңгесі облыстық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесін, оның ішінде, «Индер – Қарабау – Сағыз», Қарабау кентіне кірме жолдар, «Сарытоғай – Махамбет», «Атырау – Индер», сондай-ақ Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіруге бағытталады.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккен «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автожолындағы көпір мен су өткізу құбырлардың  құрылысына шамамен 1,3 млрд теңге бөлінеді.

Айта кетейік, су тасқыны 11 жол учаскесінде елеулі қиратуларға әкеліп, бес учаскеде су өткізгіш құбырларға зақым келтірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті