СҚО-да учаскелік полиция инспекторлары 46 күндік профилактикалық іс-шараның басталғанын еске салды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
16 қыркүйектен бастап Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері “Учаске” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы бойынша жұмыс істеуде. Аталған операция шеңберінде учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсетілетін аумақтарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шараларды күшейте түсті. Бұдан басқа, іс-шара халықпен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға және ішкі істер органдарының беделін арттыруға бағытталған.
Байланыс нөмірлері бар визиттік карточкаларды тарату, учаскелік инспекторларды мессенджердің үйге ортақ чаттарына қосу, алаяқтықтың алдын алу бойынша жадынамаларды тарату, іс-шараның негізгі мақсаттарынан басқа, полицейлерге бірқатар маңызды міндет жүктелді. Осыған байланысты облыстық және қалалық полиция басшылығы қала тұрғындары мен қонақтарын аулаларды және пәтерлерді аралауға түсіністікпен қарауға, сондай-ақ ІІО қызметкерлеріне барынша көмек көрсетуге шақырады. Күдікті адамдар туралы полицияға хабарлау қажет.
– “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні сағат 21:00-ден 00:00-ге дейін облыс орталығының аумағында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандарға тексеру жүргізілді. Іс-шара барысында 180-нен астам адам тексерумен қамтылды. Олардың 59-ы – шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар. “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады, – деп атап өтті Петропавл қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.