Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады

Атыраулық полицейлер 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады
Фото: polisia.kz

Атыраулық полицейлер елде 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдік азаматты анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырауда 2-8 қазан аралығында “Заңсыз келуші – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – қызмет көрсетілетін аумақта тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған шетелдіктерді анықтау, заңсыз көші-қон фактілерінің, яғни, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу, жолын кесу.

Атырау қаласы полиция басқармасының №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру кезінде 2019 жылдан бері құжатсыз жүрген 33 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған.

Шетелдік азамат Қазақстанға төрт жыл бұрын еңбек етуге келгенін және құжаттарын белгісіз себептермен жоғалтып алғанын айтқан. Алайда құжаттарын іздеуді немесе жаңалауды ойламаған. Атыраулық полицейлер 34 жастағы шетелдікті қабылдау- тарату орнына орналастырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі