Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Интернет-алаяқтарға көмектескен қылмыстық топтардың жолы кесілді

Интернет-алаяқтарға көмектескен қылмыстық топтардың жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет-алаяқтарға көмектесіп, жәбірленушілердің ақшаларын жымқыратын қылмыстық топтар анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Арнайы операцияны Жетісу облысы ПД Киберпол қызметкерлері қарағандылық және солтүстікқазақстандық әріптестерімен бірлесіп, ҚР ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес орталығы, сондай-ақ өңір прокуратурасының үйлестіруімен жүргізді.

– Тінту барысында 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді. Бүгінгі таңда 80 жәбірленуші анықталды, олардың шығыны 100 млн теңгеден асады. Тәркіленген мобильді құрылғыларды талдау жалғасуда және жәбірленушілер саны мен келтірілген залал сомасы айтарлықтай өсуі мүмкін, – деп атап өтті ПД бастығының орынбасары Елдар Абдикенов.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тәркіленген мобильді құрылғыларда банктік қосымшалар бар, олардың көмегімен қаскөйлер интернет-алаяқтықтың құрбаны болған азаматтардың қаражатын жымқырған.

Полицейлер азаматтарды қырағы болуға және жеке деректерді басқа адамдарға бермеуге, телефондарға белгісіз қосымшалар орнатпауға шақырады. Сонымен қатар интернеттегі қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сақ болуды ескертеді. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны болдым деп күдіктенсеңіз, бұл туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады