Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елорда полицейлері дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Елорда полицейлері дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Елорда полицейлері дүкеннен қомақты ақша ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданы полиция басқармасына азық-түлік дүкенінің иесі жүгініп, ақша ұрланғаны туралы хабарлады. Әйелдің айтуынша, күндізгі уақытта тауарды түсіру кезінде ол 1 млн 390 мың теңге және құжаттары бар сөмкені дүкендегі сөреде қалдырған.

Осы уақытта сатып алушылардың бірі қолайлы сәтті пайдаланып ақша салынған сөмкені алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер ұрлыққа қатысы бар қаланың 34 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Қолма-қол ақша салынған сөмке тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, шағын және орта бизнес объектілерін бейнебақылау камераларымен жабдықтауға және жұмыс орындарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді