Қазақстанда жаңа мемлекеттік компания құрылды. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын "Теңіз жасағы" акционерлік қоғамын құру", - делінген құжатта.
Кәсіпорын қызметінің негізі мұнай төгілуін жою бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ТЖМ-мен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен компанияның жарғысын бекітуді, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу үшін АҚ атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамды сайлауды, Қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруды және басқару органдары құрылғанға дейін оның мүдделерін үшінші тұлғалар алдында ұсынуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Серіктестіктің жарғылық капиталы республикалық меншіктен қалыптасады. "Теңіз Жасағы" АҚ-ның болжамды құны 187 миллион теңгеден асады.