Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандықтың үйде жасалған сәтсіз блефаропластикадан кейін көздері жұмылмай қалған

Қазақстандықтың үйде жасалған сәтсіз блефаропластикадан кейін көздері жұмылмай қалған
Фото: pixabay.com

Ақтөбе тұрғынының үйде блефаропластика жасатқаннан кейін көздері жұмылмай қалған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Зардап шегуші Ақтөбе қалалық сотына материалдық және моральдық зиянды өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

ҚР Жоғарғы сотының ақпаратынша, Instagram әлеуметтік желісінде блефаропластика қызметі туралы жарнаманы көрген талап қоюшы 2023 жылдың 4 тамызында жауапкердің жалдамалы пәтерінде ота жасатқан.

"Операциядан кейін бір апта өткен соң талап қоюшы көздің ассиметриясын байқап, жауапкерге қайта хабарласып, 15 тамызда екінші рет ота жасатады. Екінші ота кезінде жауапкер оң көзі қабағаның терісін тым терең кескен және терісімен бірге төменгі кірпіктерді кесіп тастағандықтан, талап қоюшыдан қан кетуі тоқтамаған. Жауапкер жараны лазермен күйдіріп, қан кетуді тоқтатып, қан кеткен жерді тігіп тастаған",- деп хабарлады сот.

Талап қоюшы конъюнктивит, ауырсыну және жас ағу салдарынан офтальмологтар мен пластикалық хирургтарға жүгінуге мәжбүр болған. Қазіргі уақытта қабақтың толық жабылмауына, көздің және қабақтың үнемі ісуіне байланысты сыртқы түрі өзгерген.

"Талап қоюшы жұмысты тастап, сәтсіз жасалған отадан кейін емдеу және оңалту шығындарын көтеруге мәжбүр болған. Сот істі қарау кезінде жауапкердің ауруханада фельдшер болып жұмыс істейтінін, оның пластикалық хирургия бойынша лицензиясы жоқтығын, тек сертификаты бар екенін анықтады. Жауапкер талап қоюшыға ота жасауға жұмсалған 80 мың теңге сомасын өз еркімен қайтарған".ҚР Жоғарғы соты

Сот шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 235 мың теңге материалдық шығын және 1 миллион теңге моральдық зиянның өтеуі өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты