Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні жарияланды

ШҚО-да шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні жарияланды
Фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында шахтада қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөні белгілі болды. Бұл мәліметті Еңбек және халықты қорғау министрлігі жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Шығыс Қазақстан облысының кенішіндегі төрт адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрды.

"Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді. Министрлік ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады". ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, "Востокцветмет" ЖШС Ертіс кенішінің "Ертіс" шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар төрт жұмысшының денесі табылды.

"Востокцветмет" ЖШС қызметкерлері:

  • ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;
  • ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

"Шахтстрой Инжиниринг" ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

  • ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;
  • ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

"Востокцветмет" ЖШС-нің тағы бір жұмысшысы, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді