Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Сарапшы: Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін қажетті кадрлық әлеует пен ғылыми-зерттеу базасына ие

Сарапшы: Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін қажетті кадрлық әлеует пен ғылыми-зерттеу базасына ие
Фото: primeminister.kz

«Ядролық физика институты» РМК бас директоры Саябек Сахиев Үкімет отырысында атом саласы үшін мамандар даярлау барысы және халықаралық ынтымақтастықты дамыту туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан атом энергетикасын дамыту үшін қажетті кадрлық әлеует пен ғылыми-зерттеу базасына ие. Бізде бұл үшін барлық мүмкіндіктер жеткілікті, деп атап өтті Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев. Ғылыми-өндірістік ұйым елімізде 67 жыл бойы жұмыс істейді.  Ол белгілі қазақ ғалымы, Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті Қ.И. Сәтбаевтың бастамасымен ашылған.

Қазіргі уақытта Институт іргелі зерттеулерден бастап өнім өндіруге дейін толық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар циклін жүзеге асыратын жалғыз ғылыми ұйым болып саналады.

«Қазақстан қазірдің өзінде Франция, Германия, Ресей, Түркия және Қырғызстан секілді 5 елге радиоизотоптар экспорттайды. Сонымен қатар Қырғызстанға онкологиялық ауруларды диагностикалау және жүрек-қантамыр жүйесін емдеуге арналған радиофармпрепарат МАГАТЭ қаражаты есебінен жеткізіледі. Бұл шетелдік әріптестермен тәжірибе және білім алмасу бойынша тығыз ынтымақтастықтың нәтижесінде мүмкін болды. Атап айтқанда, жұмыс 30-дан астам шетелдік серіктестермен, соның ішінде ЦЕРН, Лауэ-Ланжевен институты сияқты жетекші халықаралық ғылыми ұйымдармен және әлемнің ірі университеттерімен – соның ішінде әлемнің жоғары оқу орындарының рейтингінде 1 орын алатын Массачусетс технологиялық институтымен,  еуропалық университеттер арасында 4-орында тұрған Карлсруэ технологиялық институтымен жүргізілуде», — деді Саябек Сахиев.

МАГАТЭ-нің 67-ші Бас конференциясы шеңберінде Қазақстан мен АЭС үшін кадрлар даярлайтын I2EN Француз консорциумы арасында Кадр даярлау жөніндегі меморандумға қол қойылды. МАГАТЭ мен шетелдік серіктестердің қолдауымен институтта 3 оқу орталығы жұмыс істейді, олардың негізінде Қазақстанның атом саласы үшін 5 мыңнан астам маман даярланды. Бұл ретте АЭС үшін тек 1 400 адам қажет.

Ядролық физика институтының басшысы атом энергетикасы қауіпсіздігі мәселелеріне де тоқталып, бұл проблема жақында еліміздің барлық өңірінде өткен қоғамдық тыңдауларда жиі қойылғанын еске салды.

Ғалым ұсынылған екі контурлы су-сулы атом электр стансасы ең қауіпсіз екенін атап өтті. Мұндай типтегі алғашқы АЭС 1957 жылы салынған, ал жұмыс істеп тұрған 416 АЭС-тің жартысынан астамы осы типтегі стансалар. Барлық станса штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай оқыс оқиға орын алған жоқ.

«Біздің Институт базасында осындай зерттеу ядролық реакторы 57 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде үш ұрпақтан астам ғалымдар мен инженерлер ауысты. Осы уақыт аралығында бірде-бір оқыс оқиға тіркелген жоқ. Біз бұл реакторлардың ең қауіпсіз түрі екенін растаймыз. Тағы бір мысал келтірейін. Біздің зерттеу ядролық реакторының жанында Алатау шағын ауданы орналасқан. 80-жылдардың басында онда 4 мыңнан астам адам тұрды, қазір шағын ауданның халқы 15 мыңнан асты. Екі жыл бұрын біз 50 еріктіге жеке детекторлар тараттық. Бүгінгі күні радиациялық деңгейдің нормадан асуының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ, бұл әрине реакторлардың радиациялық және экологиялық қауіпсіздігін тағы да дәлелдейді», — деді С. Сахиев.  

Сарапшының айтуынша, атом энергетикасын дамыту еліміздің электрмен жабдықтау мәселелерін шешіп қана қоймай, жоғары білікті инженерлер, ғалымдар және мамандар тобын қалыптастырудың тарихи мүмкіндігі, сондай-ақ бұл отандық ғылымға қуатты серпін береді.

«Болашақ – атом энергетикасында», — деп түйіндеді ғалым.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді