Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда бір аптада 13 мас жүргізуші анықталды

Атырауда бір аптада 13 мас жүргізуші анықталды
Фото: pixabay.com

Атырауда полиция қызметкерлері бір аптада 13 мас жүргізушіні тоқтатты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейінгі кезде қала аумағында жол-көлік оқиғалары жиіледі. Салдарынан азаматтар әртүрлі дене жарақаттарын алды. Оның басты себептері – жылдамдықты сақтамау, мас күйде көлік басқару, маневр жасау ережелерін бұзу, қарсы жолаққа шығып кету және жаяу жүргіншілерді жолдан өткізбеу. Осы тұрғыда патрульдік полиция қызметкерлері бір аптаның ішінде мас күйде көлік басқарған 13 жүргізушіні анықтады.

Мәселен, 16 тамыз күні сағат 01:10 шамасында Б.Майлин көшесі тұсында күдік тудырған Ваз автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде 51 жастағы шетелдік азаматтың мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) хаттамасы толтырылды.

Тәртіп сақшылары көлік құралын мас күйде басқару ауыр зардаптарға әкеп соғатын жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін екенін алға тартып, азаматтарға аталған құқық бұзушылықтарға жол бермеуді ескертеді.

Патрульдік полиция қызметкерлері бұл бағыттағы жұмысты тұрақты түрде жүргізеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты