Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мен егіс науқанының аяқталғаны жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz. 

Премьер-Министр Қазақстан экономикасының пандемиядан кейінгі қайта қалпына келу сатысына өткені туралы айтты. Биылғы қаңтар-мамыр айларындағы ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 1,6 пайызды құрады.

Асқар Маминнің айтуынша, дамудың негізгі қозғаушы күші 7,2 пайыздық өсім деңгейін көрсетіп отырған өңдеу өнеркәсібі (машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп және т.б. салаларда қарқынды өсім бар), құрылыс секторы болып отыр.

Экономиканың өндірмейтін секторларында жоғары инвестициялық белсенділік байқалады. Негізгі капиталға құйылған инвестицияның өсімі тау-кен саласын есепке алмағанда 25,5 пайызға жеткен.

Президентке көктемгі егін егу жұмыстарының нәтижесінде егіс алқаптары 78,2 мың гектарға ұлғайып, 22,7 миллион гектарға дейін артқаны жөнінде баяндалды.

Үкімет көктемгі егіс науқанын қаржылық, материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдерді қабылдады. Көктемгі егіс жұмыстарына 128 миллиард теңге қаржы бөлініп, 380 мың тонна жанармай нарықтағы бағадан 14 пайызға төмен сатылған және 405,3 мың тонна тыңайтқыш берілген.  

Премьер-Министр еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын айтып, Covid-19 індетінің таралуы бойынша Қазақстан «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін жеткізді. Бір апта ішінде індет жұқтыру деңгейі 30 пайызға азайып, коронавирустың таралу индексі 0,84-ке дейін төмендеген. Жұқпалы аурулар бөлімдерінің 24 пайызында, жан сақтау бөлімдерінің 21 пайызында науқастар ем қабылдап жатыр. 

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймақта, Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары «сары» аймақта. Қалған 10 облыс – «жасыл» аймақта.

Қазіргі таңда 2,4 миллион адам екпенің бірінші компонентін алды, 1,3 миллионға жуық адамға екпенің екінші компоненті салынған.

Мемлекет басшысы тұрғындарға вакцина салу қарқынын бәсеңдетпеудің және эпидемияға қарсы шараларды жалғастырудың маңызды екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, құрылыс материалдарының бағасын реттеу, сыртқы және ішкі инвестиция көлемін арттыру, өңдеу секторын дамытып, өсімін қамтамасыз ету арқылы экономиканың құрылымдарын әртараптандыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға баса мән беруді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді