Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өндіріс ғылыми ортаның алдына міндеттер қояды — Саясат Нұрбек Премьер-Министр тапсырмасының орындалуы туралы

Өндіріс ғылыми ортаның алдына міндеттер қояды — Саясат Нұрбек Премьер-Министр тапсырмасының орындалуы туралы
Фото: gov.kz

Үкімет отырысы барысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жоғары оқу орындарының қызметін өндірістің нақты сұраныстарын шешуге қарай бағыттай отырып, ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың жаңа тетіктерін әзірлеуге қатысты бұрын берілген тапсырмасы туралы ғылым және жоғары білім министрінің есіне салды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет басшысына аталған бағытта жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде негізгі төрт бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Бірінші кезекте жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмысы өзгертілді. Комиссия құрамына еліміздегі ең ірі кәсіпорын басшылары шақырылды, бұл ғылым мен экономиканың негізгі салалары арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы әрбір ірі кәсіпорын жанынан келісім бойынша түйткілді мәселелерге қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі арнайы комитеттер құрылады. Мәселен, мұндай комитеттер Kazakhmys, ERG, Qarmet кәсіпорындары жанынан құрылып, отандық ғалымдар комбинаттардың қызметіне ғылыми қолдау көрсетумен айналысатын болады.

«Енді біз тапсырысты, ғылыми өзекті тақырыптар мен ғылыми зерттеулер бағыттарын ғалымдардан сұрамаймыз. Біз өндіріске барып, ондағы шешімі ғылымның үлесін қажет ететін нақты технологиялық мәселелерді зерттеп, жинақтаймыз. Яғни, ғылыми ортаның алдына тапсырысты сол өндіріс қояды», — деді министр.

Трансформация өңірлік жоғары оқу орындарына да әсер еткені атап өтілді: университеттер халықаралық ынтымақтастықты нығайта отырып, неғұрлым тереңдетілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына көшуді бастады.

Биыл қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заң аясында Ғылым қоры салаға қосымша инвестиция тарта отырып, бизнеспен тығыз байланыста жұмыс істей бастады. 

Қызметі нақты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс ғалымдарға қойылатын талаптарды күшейте отырып, гранттық қаржыландыруды ұсыну форматы да өзгеруде. 

Жаңа заң жергілікті атқарушы органдарға ғылым бойынша қосымша функционалдылық берді. Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындармен және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасап, әр өңір үшін аймақтық мамандандыру қалыптастырады. Аймақтық ғылымды жергілікті бюджеттен қаржыландыруға болады.

«Жаңа Заңда жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру шаралары: жалақыны арттыру, қосымша үстемеақы белгілеу, тұрғын үй мәселелерін шешу, гранттар санын көбейту қарастырылған. Жалпы, біз ғалымдарды ғылыми шығармашылыққа, нақты міндеттерді шешуге бағыттауымыз керек. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында барлық тапсырма орындалады», — деді Саясат Нұрбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді