Бұдан былай прокурорлар халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасайтын болды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейтті. Прокурорлар ағымдағы жылы халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдады», — делінген хабарламада.
Бас прокуратура 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін жариялағанын жазған болатынбыз.
Жыл басынан бері Бас прокурордың араласуымен 4 адам ақталды.
Прокурорлар соттағы сөзін дайындау үшін жасанды интеллект технологиясын қолданбақшы.