Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында полиция “синтетиканың” 1,5 мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді

Қостанай облысында полиция “синтетиканың” 1,5 мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция “синтетиканың” 1,5 мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері “Қарасора – 2024” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Рудный қаласының аумағында 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Пәтерді тінту кезінде ұнтақ тәрізді заты бар көптеген Zip-пакеттер және электрондық таразылар анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттар салмағы 600 грамм синтетикалық препарат болып есептеледі.

– Өңірде “синтетикалық” есірткінің бір жарым мыңнан астам дозасының таралуына жол бермеді. Олардың құны қара нарықта шамамен 12 миллион теңгені құрайды. Есірткі сатумен айналысатын адамдарды анықтау жұмыстары жалғасуда, – деді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

Осы дерекке сәйкес “Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі

Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді