Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға 400-ден астам грант бөлінеді

Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға 400-ден астам грант бөлінеді
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын азаматтардың бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға 443 грант және жастар үшін 164 жеңілдетілген несие бөлінеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ агенттігіне сілтеме жасап.

Жастарға арналған несие көлемі - 5 млн теңгеге дейін. Мамандардың айтуынша, осы жылдың алты айы ішінде 200-ге жуық грант бөлініп үлгерді. Жеке істерін дөңгелеткендердің қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қандастар, мүгедек балаларның аналары болды.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, аймақта жұмыссыздық деңгейін азайту бағытындағы жұмыстар жол картасы шеңберінде атқарылуда.

Жол картасы аясында облыста 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша кешенді шаралар қолға алынды. Нақтырақ айтқанда, жеті мыңнан астам бос орынды толтыру қарастырылып отыр. Осы уақытқа дейін жоспардың тең жартысы орындалып, 13 мың адам екі қолға бір күрек тапты. Азаматтардың жартысы тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. Жаңа жұмыс орындары құрылған салаларға ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және білім беру жатады. Жұмыссыздықпен күрес ұлттық концепциялар шеңберінде 200-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Олар жұмысқа орналасса да, жалақыларын уақытында алып, нәпақа тауып келеді, - дейді Альмира Дисюпова.

Ұлттық жобалар қатарындағы «Жайлы мектеп», «ауылдық денсаулық сақтауды дамыту» және «Жасыл экономика» тұжырымдамасы бар. Бұл тұжырымдама бойынша бес бірдеу жоба қолға алынып, екі жүзге жуық адам еңбекке тартылды.

Жалпы, аймақта еңбек нарығы тұрақты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді