Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысының тұрғыны 82 жастағы зейнеткерді өлтіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды

Қарағанды облысының тұрғыны 82 жастағы зейнеткерді өлтіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: pixabay.com

Қарағанды облысының тұрғыны 82 жастағы зейнеткерді өлтіргені үшін тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың хабарлауынша, іс материалдарына сәйкес, қаржылық мәселелерге байланысты сотталушы жұбайының әжесінен қарыз алғысы келеді. 23 ақпанда ол оның үйіне келіп, оған 500 000 теңге қарыз беруін өтінеді. Алайда зейнеткер одан бас тартқан. Кейуанамен сөзге келіп қалған ер адам оны тұншықтыра бастайды. Қарияның демі үзілгенін білген ол ізін жасырып кетпек болады.

Келесі күні ер адам қаза тапқан адамның ақшасын алу үшін қылмыс орнына оралады. Бары 152 000 теңге. Кейін ол қылмысын жасыру үшін қарияның денесін өзімен бірге ала кетеді.

Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, жәбірленушінің айғақтарымен, куәгерлермен, заттай дәлелдемелермен, сараптамалардың қорытындыларымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді, – деді соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен ер адам кісі өлтіргені және басқа біреудің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ ол жәбірленуші тарапқа 6 миллион теңге өтемақы төлеуге тиіс.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты