Дс, 28 сәуір 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ойыл ауданының алты ауылында 178 үй салынуда

Ойыл ауданының алты ауылында 178 үй салынуда
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Ауданда су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлердің құрылысы белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Аудан орталығынан басқа мердігерлер Қаратал, Ақкемер, Кемер, Ақжар және Бестамақ ауылдарында жұмыс істеуде.
Көпке мәлім, Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінің орталығы – ең көп зардап шеккен ауылдар қатарында. Қараталда 133 үйдің құрылысы басталды. Оның 129-ында іргетасы құйылып, 90 үйде қабырғалар тұрғызылған, ал 40 үйдің шатыры жабылған. 20-дан астам үйде ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. 15 үйге инженерлік желілер жүргізіліп, терезелер орнатылған.

Ойылда салынып жатқан 20 үйдің құрылысы қарқынды. Ақкемер елді мекенінде 16 үй, Ақжарда 5 үй, Кемер мен Бестамақта екі-екі үйден салынуда. Олардың көпшілігінде құрылысшылар үйлердің шатырын жауып, сылақ жұмыстарын және инженерлік желілерді жүргізіп жатыр.

Сонымен бірге Ойыл ауданының 129 отбасына қайталама нарықта дайын үйлер сатып алынды.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының мәліметінше, Ақтөбе облысында барлығы 4 087 объектіге техникалық тексеру жүргізілді, оның нәтижелері бойынша:

- 511 үй салу - 511 басталды;

- 503 үй сатып алу - 406 сатып алынды;

- 3073 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу - 3003 аяқталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты