Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу өткізді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке түрікмен халқының көшбасшысы ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қазақ-түрікмен ынтымақтастығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті. 

– Түрікменстан – бейбітшілікті, қауіпсіздікті, көпжақты ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды рөл атқаратын өте беделді әрі бейтарап мемлекет.  Бүгінгі Астанаға сапарыңыздың маңызы айрықша. Ең алдымен,  энергетика саласындағы ықпалдастығымыздың нақты мәселелерін талқылау тұрғысынан мәні зор, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ мәдениетінің дәріптелуіне қолдау көрсетіп, Ашхабадта ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлына ескерткіш ашқаны үшін Гурбангулы Бердімұхамедовке алғыс айтты.

Өз кезегінде Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысуға шақырғаны және Қазақстан астанасында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағы ескерткішінің ашылуына жеке қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне құрметті қонақ ретінде шақырғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.  Осы халықаралық құрылымда бейтарап Түрікменстанның пікірін айту мүмкіндігіне ие болдық. Өзіңіз атап өткендей, энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде мол әлеуетіміз бар, – деді Халк Маслахатының Төрағасы.

Сондай-ақ кездесуде өнеркәсіп, көлік және логистика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективалары қарастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі