Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке жеделхат жолдады. Онда барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Түрікменстанның көшбасшысы мен түрікмен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған, деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Бұл тарихи дата Сіздің халқыңыздың жалпы ұлт болып ұйысқанын және жасампаздық рухының биік екенін көрсетеді. Түрікменстанның мемлекеттілігі мен орнықтылығын одан әрі нығайтуда мұның мәні зор. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында заманауи Түрікменстан бейтарап мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренадағы орнын нығайту тұрғысынан зор жетістіктерге қол жеткізді, – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдар ішінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігі көп ғасырлық достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дамып келе жатқанын атап өтті.  

– Осынау атаулы мереке күні Сіздің аса жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін және бауырлас Түрікменстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті