Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентіне жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев жеке өзінің және барша қазақстандықтардың атынан Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды, сондай-ақ бүкіл тәжік халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

– Бауырлас Тәжікстан бұл айтулы күнге халықаралық аренада маңызды рөл атқаратын беделді мемлекет ретінде жетіп отыр. Құрметті Эмомали Шәріпұлы, әлемдік қауымдастық Сізді мемлекеттілікті нығайтуға және ел азаматтарының әл-ауқатын арттыруға үлес қосқан, нағыз жалпыұлттық көшбасшы ретінде таныды, – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тәжікстанмен ғасырлар бойғы достықты, өзара қолдау мен жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген байланыстарды нығайтуға баса мән беретінін атап өткен.

– Біз өзара күш жұмылдыра отырып, елдеріміз арасындағы көпжақты ықпалдастықтың қарқынды дамуына тың серпін бере аламыз және қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының көкжиегін кеңейтеміз, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тілеп,  бауырлас Тәжікстан халқының  өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты