Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полиция ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертті

Полиция ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларды назардан тыс қалдырмауды ескертті
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысының полициясы ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын өткізуіне қырағылық танытуға шақырады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың басынан бастап облыс аумағында көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлауының 4 дерегі тіркелді. Осылайша, қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, 4 жасар бала үйде ата-анасының қасында отырып, олардың тарапынан тиісті назардың болмауы салдарынан төртінші қабаттың терезесінен құлап түскен.

Жазғы кезеңнің басталуымен жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп 5 мыңнан астам ауланы аралауды жүзеге асырды. Полиция қызметкерлері үйдің шатырлары мен жертөлелеріне балалардың еркін кіріп-шықпауы үшін бекітілуін және құлыптарының болуын тексерді.

Ата-аналар мен заңды өкілдерге балаларды ересектердің қарауынсыз ұзақ уақытқа қалдыруға жол бермеуге қатысты төрт мыңнан астам бүктемелер мен жадынамалар таратты.

Сонымен қатар жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың суға түсіп қаза болуының 4 дерегі тіркелді. Мысалы, осы жылдың 25 маусымында Тараз қаласында 17 жастағы жасөспірім достарымен бірге Талас өзеніне шомылуға барып, суға батып кетті.

Кәмелетке толмағандар өлімінің себебі балаларына ересектер тарапынан тиісті назардың болмауы болды.

Балалардың өлімі мен жарақаттануын болдырмау үшін тәртіп сақшылары күн сайын су айдындарында және кәмелетке толмағандардың жаппай демалатын өзге де орындарында рейдтер жүргізді.

– Ата-аналарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балаларын қараусыз қалдырмауға шақырамын. Олардың жақын орналасқан тоғандары бар жерлерге өз бетінше баруына жол бермеңіздер. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау – әрбір ата-ананың басты міндеті, – деді Жамбыл облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Алишер Калышев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді