Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанады — Олжас Бектенов

Күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғын үйге қоныстанады — Олжас Бектенов
Фото: primeminister.kz

Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов ауқымды су тасқынының салдарын жою жөніндегі қалпына келтіру жұмыстарының барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Үкімет басшысы су тасқыны мыңдаған азаматқа, сондай-ақ инфрақұрылымға, экономикаға және жалпы елімізге айтарлықтай зиян келтіргенін атап өтті.

120 мыңнан астам адам өз үйінен эвакуацияланды. Олардың 67 570-і үйлеріне оралды. Бұл ретте бүгін таңертеңгі мәлімет бойынша 3 952 адам эвакуациялық пункттерде қалып отыр. Барлығы 12 мың тұрғын үй (ЖТҚ) және 26 мың саяжай учаскелері су астында қалды. Су астында қалып отырған үйдің саны — 98.

«Көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Мемлекет басшысының үндеуіне жауап бере отырып, ірі бизнес елеулі қолдау көрсетті, бюджеттік ресурстар да тартылды. Бүгінгі таңда 33 141 отбасы 100 АЕК көлемінде өтемақы алды. Осы мақсатқа бюджеттен 12 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», — деді Олжас Бектенов.   

Оның айтуынша, зардап шеккен 17 982 үй бойынша тексеру жүргізілді, 15 685 үйді бағалау аяқталды. Үйлердің жартысына жуығы жөндеу мен қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсаттарға орай 5823 отбасы өтемақы алды. Оған 38,6 млрд теңге бөлінді.

8 мыңнан астам үй апатты жағдайда деп танылды. Олар үшін зиянды өтеудің 2 нұсқасы бар:

1. пәтерлерді немесе үйлерді қайталама нарықта сатып алу;

2. үй салу.

«Біз Президенттің тапсырмасына сәйкес зардап шеккен азаматтардың талап-тілегін орындаймыз. Бүгінгі таңда 3155 отбасы жаңа баспана алды. Түрлі өңірлерде 2049 үйдің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Жалпы тұрғын үйді қалпына келтіруге және салуға 251 млрд теңге бағытталды», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі.

Сонымен қатар инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымға, жолдар ззиын келді. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам энергиямен жабдықтау тіректері қирап, 54 км желі үзілді. Бүгінгі таңда 40% қалпына келтірілді, жаз айларында жұмыс белсенді жалғасатын болады.

Республикалық және жергілікті жолдардың 290 учаскесінде автомобиль қатынасы үзілді. Бүгінде Атырау облысында бір учаскені қоспағанда, барлық учаскелер бойынша қозғалыс қалпына келтірілді. Аталған учаскедегі қозғалыс су кеткен кезде ашылады.

Сонымен қатар, 39 білім беру нысаны су астында қалды. Оның 18-і ағымдағы жөндеуді, 11-і күрделі жөндеуді қажет етеді, 9 білім беру нысаны одан әрі пайдалануға мүлдем жарамсыз және жаңадан салынады. Бір білім беру нысанында әлі де тексеру рәсімі жүргізіліп жатыр.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, күн суытқанға дейін барлық азамат жаңа тұрғынүйге қоныстанып, барлық инфрақұрылым нысандары қалпына келтірілетін болады», — деп түйіндеді Олжас Бектенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады