Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ішкі істер органдары ауыз сумен қамтамасыз ететін 70 объектіні және су шаруашылығының 91 объектісін күзетуде

Ішкі істер органдары ауыз сумен қамтамасыз ететін 70 объектіні және су шаруашылығының 91 объектісін күзетуде
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі қаралды. Жаз мезгілінде суға түсу кезіндегі алдын алу шаралары туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Ішкі істер органдарының негізгі міндеті. Күн сайын 15 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері тартылады. 4 мыңнан астам маршрут қамтылады. 

«Жаз шығысымен жаппай демалыс орындарда жасақтардың тығыздығы арттырылды. Жеке құрам адамдарды судан құтқаруға және алғашқы көмек көрсетуге дайындалды. Автопатрульдер көмек көрсету құралдарымен – құтқару белдемшесімен, жилеттермен, арқандармен жабдықталды», — деді ішкі істер министрі. 

Бұған қоса, төтенше жағдай бөліністерімен бірлесіп, су жағалауларын қадағалау, тиісті рейдтер, азаматтарға түсіндіру жұмыстары, Жедел-басқару орталығы камераларымен қалалардағы демалыс орындарын бақылау қамтамасыз етілді. Барлығы 2 мыңнан астам рейд жүргізілді. 

Биыл тыйым салынған жерлерде шомылғаны үшін 151 адам жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 14 адам судан құтқарылды.

«Қазір ішкі істер органдары ауыз сумен қамтамасыз ететін 70 объектіні және су шаруашылығының 91 объектісін күзетуде. Жалпы, 339 бекетке 2000-ға жуық қызмет жұмылдырылды», — деді Ержан Саденов.

Судағы оқиғаларды азайту үшін жергілікті атқарушы органдарға арнайы демалыс орындарын жақсарту, оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, құтқару бекеттері мен бейнекамераларын орнату, халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын БАҚ арқылы жүргізу ұсынылды. 

Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шеңберінде осы бағытта барлық қажетті шараларды қабылдайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты