Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ішкі істер министрі ерлік көрсеткен полицейлерді марапаттады

Ішкі істер министрі ерлік көрсеткен полицейлерді марапаттады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы – әр адам үшін маңызды. Ал полицейлер әрбір отбасында тыныштық ұялап, азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі үшін күндіз-түні қызмет етеді.

Құқық қорғау органдарындағы қызмет қауіпті және қиын екені құпия емес. Бірақ соған қарамастан, полицейлер өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрса да, азаматтарға көмекке келуге әрқашан дайын.
Отбасы күні қарсаңында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев барлық жеке құрамды құттықтап, қиын жағдайларға тап болған адамдарды және тұтас отбасыларды құтқару кезінде батылдық пен ерлік көрсеткен еліміздің әр өңірінен келген 12 қызметкерді марапаттады.

– Біздің қызметкерлеріміз өз өмірлерін қауіп-қатерге тіге отырып, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалады. Өйткені бейбітшілік, қауіпсіздік және азаматтардың полицейлерге деген сенімі – біздің қызметтік парызымыз бен міндетіміз, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Ерлан Тұрғымбаев, өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету – бұл ішкі істер органдарының күнделікті қызметі екенін атап өтті.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері тәуелсіздік алғаннан бастап, 1567 мемлекеттік наградаға ие болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті