Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мәсімов рақымшылық жасау туралы өтініш берді

Мәсімов рақымшылық жасау туралы өтініш берді
Фото: astana.sud.kz

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов  осы жылдың наурыз айында  рақымшылық жасау туралы өтініш берген, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мемлекетке опасыздық жасағаны және билікті басып алуға тырысқаны үшін сотталған ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов рақымшылық жасау туралы өтініш берген. 

Бұл туралы Informburo.kz сауалына берген жауабында ҰҚК хабарлады

Қазіргі уақытта ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің шешімімен Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр.

Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Президент атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады, – деп хабарлады ҰҚК. 

Онда Мәсімовке қатысты Қылмыстық кодекстің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") және 366-бабы, 4-бөлігі ("аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Еске сала кетсек, 2022 жылы 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы ұсталған болатын.

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған болатын.

Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелене алмайды. Оған мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылды.

Сәуірдің 24-і күні Астана соты Кәрім Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасады, билікті күшпен басып алуға әрекеттенді, билікті асыра пайдаланды деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырды. Оның орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов та өз мерзімдерін алған болатын. Жалпы, қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді