Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 81 шетелдік анықталды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 81 шетелдік анықталды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 81 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек мигранттарын пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, жосықсыз жұмыс берушілердің көші-қон заңнамасын бұзуы көбейіп жатыр.

– Төрт күн ішінде “Заңсыз келуші” ЖПІШ заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 81 шетелдік пен 23 жұмыс берушіні анықтады. Мысалы Павлодар қаласындағы тұрғын үйдің бір құрылыс объектісінде жұмыс істеу барысында шетелдік 11 азамат анықталып, ұсталды. Олар рұқсат құжаттарынсыз елордалық құрылыс ЖШС-нің бірінің әрлеушісі ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Осы факті бойынша ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Сонымен қатар шетелдік төрт азамат ұсталды, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз қалалық ЖК-нің бірінде жұмысшы ретінде заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырды. Қазіргі уақытта дара кәсіпкерге қатысты ҚР көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзбекстан Республикасының үш азаматына 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және біреуіне елден шығару түрінде жаза қолданылды. Жалпы, іс-шараның 4 күні ішінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 191 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін 73 қабылдаушы жауапқа тартылды.

– Сотқа 136 материал жіберілді, оның ішінде әкімшілік материалдар – 134, қарау нәтижелері бойынша ТМД-ның 20 азаматына қатысты оларды елден шығару туралы шешім қабылданды. 32 шетелдіктің болу мерзімі қысқартылды, – деп қорытындылады ведомствода.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді