СҚО полицейлері 6 күн ішінде жолда жүру ережесін бұзудың 500-ге жуық фактісін анықтады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
СҚО аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өткізілуде. Жол қауіпсіздігі – полицейлер жұмысының негізгі желілерінің бірі. Бұл әсіресе кәмелетке толмаған жол жүрісіне қатысушылар көп жүретін жазғы демалыс кезінде өзекті.
Қызметкерлер ауыр салдарға әкеп соғатын апаттылық жағдайлар тудыратын ЖЖЕ өрескел бұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге бағдарланған.
– Тәжірибе көрсеткендей, полиция қызметкерлері көлік құралдарын тоқтатқан кезде тараптардың құқықтары мен міндеттерін біле бермейтін жүргізушілер кездесіп жатады.
Еске сала кетейік: “Жол жүрісі туралы” ҚР Заңының 52-бабымен көлік құралын тоқтатудың 9 негізі қарастырылған, оның ішіне арнайы іс-шараларды жүргізу кіреді. Қызметкер өзін таныстыруға және көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге міндетті. Жүргізушінің талабы бойынша қызметтік куәлігін көрсетуі қажет, құжат жолаушының қолына берілмейді. Басқа құжаттарды ұсыну көзделмеген. Ал жүргізуші өз тарапынан автокөлікке және жүгіне құқық белгілейтін құжаттарын ұсынуға, қызметкердің заңды талаптарын орындауға, оның ішінде медициналық куәландырудан өтуге міндетті. Жүргізушіге фото-бейнетүсірілім жасауға болады, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Григорий Тыш.
ЖПІШ жүргізу аясында облыс жолдарында тексеру күшейтілген режимде жүргізіледі. Тәртіп сақшылары маусымның 1-нен ЖЖЕ 484 түрлі заң бұзушылықтар анықтады, оның ішінде жылдамдықты асырудың 228 фактісі, масаң күйде көлік басқарудың 10 фактісі анықталды.
Полицейлер жүргізушілердің заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.