Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 10 айлық сәбиді бір сағатта ата-анасымен қауыштырды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 10 айлық сәбиді бір сағатта ата-анасымен қауыштырды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 10 айлық сәбиді бір сағатта ата-анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарлама түсірді. Онда ер адам, көше бойында жасқа толмаған сәбидің бір өзі еңбектеп жүргені туралы хабарлады. Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды.

Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады. Белгілі болғандай анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен.

Өз кезегінде анасы полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді