Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі су тасқынының салдарын жою мәселесі күн тәртібінен тыс қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысына вице-премьер Қанат Бозымбаев залалды өтеу алгоритміне сәйкес өңірлерде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.

Биылғы 28 мамырдағы мәліметке сүйенсек, республика бойынша 30 мыңнан астам отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Аталған бағыттағы жұмыс бақылауға алынып, қажетті шаралар қабылданып жатыр.

15 мыңнан астам үй мен саяжай құрылыстары тексерілді, 11 134-і бойынша бағалау жүргізілді.

Бұл ретте жекелеген өңірлерде сараптаманың төмен көрсеткіші байқалды. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында су басқан 4 мың үйдің 2 176-і (54%) тексеріліп, 770 үйге бағалау жүргізілді. Ақтөбе облысында 3 679 үй тексеріліп (73%), 1673 үй бағаланды.

Атырау, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері тасқыннан зақымданған үйлерді тексеру және бағалау жұмыстарын аяқтады.

Жалпы еліміз бойынша 9 мыңнан астам үй қалпына келтірілуге болатын құрылыс қатарына жатады. 4 315-і апатты жағдайда деп танылды.

Өңірлер 1 847 үй мен пәтердің құрылысы басталды, қайталама нарықтан 3 417 тұрғын үй сатып алу жоспарланып отыр.

Құрылыс маусымының қысқалығын ескере отырып, оқу жылының басына дейін зардап шеккен азаматтарға үйлер мен пәтерлер беру жоспарлануда.

«Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек. Қанат Алдабергенұлы, қатаң бақылауда ұстаңыз», — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі