Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Сингапурдың үшінші Премьер-министрі, аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті

Мемлекет басшысы Сингапурдың үшінші Премьер-министрі, аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Азиядағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі Сингапурмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, жуырда ел басшылығының ауысқаны Сингапур үшін маңызды кезең болды. Қасым-Жомарт Тоқаев осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Ли Сянь Лунды Сингапурдың аға министрі қызметіне кірісуімен құттықтады. Президент ел басшылығының үшінші буыны теңдікке, меритократияға, тиімді басқару мен әлеуметтік үйлесімділікке негізделген табысты әрі ұшқыр ойлы ұлт қалыптастыру секілді Ли Куан Ю мұрасының озық үлгісін сақтап, дамытып келе жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сянь Лунның 20 жыл ішінде Қазақстан мен Сингапур арасындағы жан-жақты серіктестікке айтарлықтай үлес қосқанын әрі еліміздің шынайы досы екенін айтты.

Өз кезегінде Ли Сянь Лун екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Сингапур Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті одан әрі жалғастыруға ниетті.

Бұдан бөлек, кездесуде сауда-экономика, инвестиция, қаржы, көлік-логистика және гуманитарлық салалардағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті бағыттары жан-жақты қарастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты