Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған азаматтар жауапқа тартылды

Астанада заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған азаматтар жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Астанада заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында Астаналық сақшылар 10 мамырдан бастап “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Операция барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдіктердің тұрғылықты жерлерін, құрылыс нысандарын, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыратын ұйымдар мен жұмыс берушілерді тексереді. ЖПІШ кезеңінде шекаралас мемлекеттердің шетелдік азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзудың 308 фактісі анықталды. Оның ішінде шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуының 216 фактісі, заңсыз еңбек қызметі үшін 87 адам жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 20 жұмыс берушіге айыппұл салынды.

Байқоңыр ауданы ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері осы жылдың сәуір айында сот шешімімен елден шығарылған, бірақ кетуден жалтарған Ауғанстанның 32 жастағы екі азаматын анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында шетелдіктер табылып, қабылдау бөліміне орналастырылды.

Қабылдаушы тарап әуе билеттерін сатып алды және үш күн ішінде шетелдіктер Кабул қаласына жөнелтіледі. Ауғанстан азаматтары заңсыз жұмыс істеген ЖШС директоры ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 518-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді