Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Су тасқыны: 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерінде отыр

Су тасқыны: 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерінде отыр
Фото: Бейнеу ауданының әкімдігі

Бүгінде елімізде су тасқынынан зардап шеккен 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерін паналап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 8 189 тұрғын үй мен 2 977 аула аумағынан су сорылып, сыртқа шығарылған. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген.

Су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр.

«Атырау облысында Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Жайық өзені жағасының сумен шайылуының алдын алу үшін мұнай-газ компаниясының күштері мен құралдары жұмылдырылып, ұзындығы 600 метр теңіздің бөгегіш бондары жағаға жақын орнатылды», - деді Асқар Шәріп.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтерілген. Салдарынан Алтай ауданының Зубовск ауданында 24 аула аумағын су басты.

«Бөгеттерді бекіту және су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Бұқтырма өзенінің су деңгейі төмендеп келеді. Өзеннің су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда», - деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Мультимедиа
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті