Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған

Алматыда 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған
Фото: polisia.kz

Алматыда жыл басынан бері 4 мыңға жуық шетелдік азамат көші-қон заңнамасын бұзған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жассап.

Алматы қалалық ПД көші-қон қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері қалаға 23 мыңға жуық шетел азаматы келген.

– Алматы – инфрақұрылымы дамыған, өзіндік мәдениеті бар шаһар, сондықтан алыс және жақын шетелдерден келген шетелдіктердің қызығушылығын оятады. Көші-қон ағыны жыл сайын артып келеді. Бұл экономикаға оң әсерін тигізгенімен, жалпы қылмыстық жағдайға кері әсерін тигізіп жатыр. Яғни құқық бұзушылық саны өсіп жатыр. Ауыр қылмыс тіркелуде. Мәселен, Алматының Түрксіб ауданында шетел азаматы өзінің танысын өлтірген. Ал Медеу ауданында Үндістан мен Пәкістанның екі азаматы синтетикалық есірткі шығаратын зертхана ұйымдастырған. Шетелдік студенттердің қатысуымен болатын төбелестер де көптеп кездеседі, – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ Бутунчиновтың сөзінше, Алматыда ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу мақсатында тұрақты негізде жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жыл басынан бері Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 4 мыңға жуығы шетел азаматтары екен. Жалпы, сот шешімімен 682 шетелдік елден шығарылды.

Алматы полициясы елге келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты