Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады

Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасы Шалва Папуашвилиді қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мейманға ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Оңтүстік Кавказ өңіріндегі негізгі серіктестерінің бірі – Грузиямен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға айрықша мән беретінін атап өтті.Мемлекет басшысы Қазақстан мен Грузия арасындағы достық пен өзара түсіністік екіжақты байланыстарды тереңдету ісінде елеулі табысқа қол жеткізу үшін берік негіз болатынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық диалогтың мемлекетаралық қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Бұл ретте «Қазақстан-Грузия» парламентаралық достық тобы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге айтарлықтай ықпал ете алатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде қазақстандық бизнес Грузия экономикасының түрлі секторында қызмет етеді және екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын одан әрі кеңейтуге үлес қосып келеді.

Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев орайлы сәтті пайдалана отырып, футболдан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының ақтық кезеңіне шыққан достас Грузия халқын құттықтап, сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Шалва Папуашвили құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл Грузия Парламенті төрағасының Қазақстан Республикасына алғашқы ресми сапары екенін, сондықтан оның сапары айтулы оқиға саналатынын атап өтті.

Шалва Папуашвили Грузияның Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бейілді екенін растады. Оның айтуынша, Тбилиси Астанамен жан-жақты байланыстарды, соның ішінде көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты тереңдетуге ниетті. Бұл ретте Грузия Парламентінің спикері Мемлекет басшысының Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамыту туралы бастамасын қолдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді