Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Өзбекстанның Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасы Нурдинжон Исмоиловқа ілтипат білдіре отырып, елдеріміз достық пен тату көршілікке, ортақ мәдени құндылықтарға негізделген, мемлекетаралық ынтымақтастықтың үлгісі болатын берік әрі үйлесімді қатынастарды орнатқанын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қазақстан Президенті өткен жылдың желтоқсан айында Шавкат Мирзиёевтің елімізге жасаған мемлекеттік сапарын жоғары бағалады. Сол сапар қазақ-өзбек ынтымақтастығын одақтастық деңгейіне көтеруге негіз болған.

– Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас, серіктес ел. Сондықтан екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуға баса мән береміз. Біздің одақтас қатынастарымыз кең ауқымды және саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қамтиды. Осы ретте парламент дипломатиясы ерекше рөл атқарады, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Нурдинжон Исмоилов Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге уақыт бөлгені үшін алғыс білдіріп, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегі мен сәлемін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты