Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жалған әлеуметтік қызметкерлер кейпінде қарттардың ақшасын ұрлап кеткен

Астанада жалған әлеуметтік қызметкерлер кейпінде қарттардың ақшасын ұрлап кеткен
Фото: polisia.kz

Елордада өздерін әлеуметтік қызметкерміз деп таныстырған алаяқтар қарттарды алдап, ақшаларын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұрылар өз арам пиғылдарын алдын-ала жоспарлап алған. Олар “әлеуметтік қызметкерміз, коммуналдық төлем бойынша жеңілдік бар” деп зейнеткерлерді алдап, үйіне кіретін болған.

– Алдымен ұрылардың бірі үйге кіреді де, артынан есікті жаппайды. Негізінен ас бөлмесіне кіріп дәптерін шығарып, зейнеткерге әртүрлі сұрақтар қойып алдаусыратып отырған. Осы мезетті пайдаланған екінші жігіт үйге кіріп, емін-еркін құнды заттарды қолды қылады. Айталық, Есенберлин көшесінің бойындағы үйлердің бірінен олар 92 жастағы қарияның жылдар бойы жинаған 1,2 млн теңгесін алып кеткен, – дейді Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Балтабек.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілерді қолға түсірді.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

– Әзірге олардың үш қылмыстық оқиғаға қатысы бары анықталды. Бірақ нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Осыған байланысты бұл адамдардың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан полицияның “102” арнасына хабарласуын сұраймыз, – дейді М.Балтабек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты