Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

"Сотты жаңылыстырдыңыз". Бишімбаевтың адвокаттарына ескерту жасалды

Фото: бейнескриншот tengrinews.kz

Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айыпталып отырған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Айғақ беру кезінде экс-министрдің қорғаушысына сот пен процеске қатысушыларды жаңылыстырғаны үшін ескерту жасалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыс болған Bau мейрамханасының суреттерін көрсету кезінде зардап шеккен тараптың қорғаушысы Бишімбаевтың адвокаттары кейін түсірілген суреттерді ұсынғанын айтты.

"Құрметті сот, суреттер 2024 жылдың 28 наурызында, оқиғаның өзі 2023 жылдың 9-10 қарашасы аралығында болған. Құрметті сот, бұл суреттер іс материалдарында жоқ", - деп қарсылық білдірді жәбірленуші тарап адвокаты.

Судья Айжан Кулбаева Бишімбаевтың адвокаттарынан суреттерді жинауды сұрап, оларға ескерту жасады.

"Біріншіден, сот қорғаушыларға ескерту жасайды. Сіз бұл қылмыс болған жерді тексеру актісінен алынған суреттер деп көрсетіп, сотты және процеске қатысушыларды жаңылыстырдыңыз, бірақ іс жүзінде сіз басқа суреттерді көрсетіп отырсыз. Осы себепті суреттерді жинаңыз. Сіз сызбаға қарай аласыз және сотталушыдан жауап алуды жалғастырамыз. Ал сотты жаңылыстырғаныңыз үшін сот іс бойынша түпкілікті шешім қабылдаған кезде тиісті шараларды қабылдайды", - деді судья.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады